Жаңақала ауданы әкімі Қарағойшин Науырызбай Қадырбайұлының

жеке блогы

Руский   Қазақша

Бас беті

Қымбатты достар!

    Мен Сіздермен өзімнің блогымда қауышқаныма қуаныштымын. Блог Сіздердің сұрақтарыңыз бен көтерген мәселелеріңізбен, ұсыныс, шағым-ескертпелеріңізбен тікелей танысу және алу мақсатында ашылып отыр. Осындай ара-қатынас аудан тұрғындарының аудан тынысына қызығушылық танытып, жанашыр екендігін көрсетеді. Сіздер қол жеткен табыстарға шын ниетпен қуанып, кемшіліктерге өкініп отырасыздар.
    Жерлестеріміздің кейбірі экономика саласында пікір білдірсе, кейбірі қоғамдық-саяси, руханият турасында ой білдіреді. Өкінішке орай, жұмысбастылық пен уақыт жетіспеушілігі салдарынан Сіздердің әр қайсыңызбен тілдесуге мүмкіндік болмайды. Ал ақпараттық технологиялардың мол әлеуетін пайдалану кең мүмкіндікке жол ашып отыр. Қай-қайсымыздың да интерактивтік байланыс жасаудағы тәжірибеміздің аз екені рас. Дегенмен, бұл ғылыми-технологиялардың қарыштап дамуына орай қойылып отырған заман талабы.
    Блог арқылы Сіз бен менің арамда тығыз байланыс орнайды деп үміттенемін. Өз ойларыңызды білдіріп, ұсыныстарыңызды айтыңыздар. Әр айтылған сын-пікірмен мен жеке танысамын. Осы қатынасымыз арқылы біріге атқаратын жұмыстардың сапасы мен нәтижесін арттырамыз деп сенемін.